Telegram деген не? Телеграмның артықшылары

Телеграмның қыр-сырын білгісі келетіндерге «Қош келдің!» деймін. Себебі бұл мақаланы арнайы сіздер үшін жаздым. Бірден ескертіп қояйын, мәтінді оқып біткеннен кейін Телеграмнан басқа мессенджерлердің бәрін өшіріп тастағыңыз келеді.

Telegram шығу тарихы

Телеграмның пайда болуы кәдімгі шытырман оқиға сияқты. Бір күні Павел Дуровтың үйіне полицейлер тінту жүргізуге келеді. Бизнесмен ағасына құпия хат жолдағысы келген, бірақ оған ешқандай мессенджердің жағдайы келмейді. Дәл сол кезде ВКонтактенің авторы жазбаларды ешкім бақылай да, оқи да алмайтын программа ойлап табуға қам қылған.

Бұл өте сәтті таңдалған уақыт болатын. Себебі, ол кезде танымал WhatsApp жеке мәліметтерді ұрлау мен баяу жұмысқа байланысты сыннан бас көтере алмай жатқан. Өздері туралы ақпаратты жасырғысы келген пайдаланушылар балама мессенджерлерге көшуге дайынтын, сондықтан Телеграмның жетістікке жетері әуел бастан белгілі болды.

telegram не ушін керек

Телеграм не үшін керек?

  • Достармен хат алмасуға;
  • Әрқайсының салмағы 1,5 ГБ аспайтын кез келген файлдарды (сурет, ән,архив) жіберуге, өз эмоцияңды стикерлер арқылы білдіруге;
  • Топтарды құруға;
  • Каналдар мен боттарды қолдануға мүмкіндік бар.

Телеграмның басты артықшылықтары

Келесі мәліметті оқығаннан кейін WhatsApp мессенджерін өшіріп тастағыңыз келетініне сенімдімін.

Біріншіден, керемет жылдамдық. «Жіберу» батырмасына бассаңыз болды, хат смс алушыға бірден жетеді. Мұндай жылдамдыққа әлем бойынша орналасқан қуатты серверлер есебінен қол жеткізіледі.

Пайдаланушылардың деректері 100% қорғалады. Есіңізде ме, осы мақаланың басында Телеграмның құрылу тарихы жайлы жазған едім? Міне, құқық қорғау органдарымен болған жайсыз оқиғалардан кейін Павел Дуров деректерді шифрлаудың бірегей хаттамасын ойлап таппақ болды. Ол MTProto деп аталады. Криптографиялық қорғау құпия алгоритмдерін пайдалана отырып,бұл хаттама сіздің хат-хабарламаларыңызды сенімді қорғайды. Павел талай рет қолданушылардың аккаунттарын бұзып, хаттарды оқи алатын адамдар арасында сайыс өткізіп, тіпті бас жүлдеге қомақты ақша да тіккен. Алайда, Телеграм программасын бұза алатын хакерлер әзірге табылмады.

telegram казакша

Техникалық қолдау қызметі жылдам жұмыс жасайды. Әзірлеушілер үнемі жағдайды қадағалап, керек кезінде ыңғайлы, әрі ұтымды өзгерістер енгізіп отыр.

Мессенджердің дизайнын екі сөзбен сипаттауға болады – қарапайым және түсінікті. Оны тіпті ең ақымақ адам да жақсы түсінеді.

Сондай-ақ:

  • Барлық құрылғылар арқылы барлық хабарларламаларға қол жеткізуге және оларды синхрондауға болады. Ноутбукпен де, үй планшетінде де жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Өте ыңғайлы.
  • Онлайн нұсқасы.
  • Жеке компьютер үшін толық нұсқа қарастырылған.
  • Жарнама жоқ. Иә-иә, дәл солай, ешқандай жарнамасыз. «Телеграм сатылмайды. Жарнама мұнда болмайды. Оның мақсаты-адамдарға қарым-қатынас жасауға көмектесу».

Сонымен, Телеграмның артықшылықтары — қатты шифрланған, өте жылдам, достарыңызбен және әріптестеріңізбен қарым-қатынас жасаудың әмбебап тәсілі. Шынымды айтсам, қазір Телеграмнан артық мессенджерді білмеймін.

Telegram мессенджерді қалай қолдану керек?

Телеграмдағы бірегей ат немесе ник

Бағдарламада әрбір пайдаланушы телефон нөмірі арқылы сәйкестендіріледі. Тіркелу туралы ақпарат әрі қарай көрсетілген.

Сізбен тек нөмірі бар адамдар ғана сөйлесе алады. Бұл аса ыңғайлы емес десек, дұрыс емес пе? Сондықтан бірегей атаулар немесе ник жүйесі әзірленді. Сіз өзіңізге бірегей ат ойластырып, оны қосымшада тіркейсіз. Сол арқылы телефон нөміріңіз таныс емес адамдар сізді тауып, сөйлесе алады.

Стикерлер

Қазір олар барлығына таныс. СМС сияқты смайликтермен де енді ешкімді таң қалдыра алмайсың. Олар да біртіндеп қолданыстан шығып барады. Смайликтердің орнына өз эмоцияларын білдіруге арналған стикерлер немесе суреттер келмек. Енді қарапайым махаббат туралы смс-ты он түрлі суретпен жеткізе аласыз.

қазақша стикер

Чаттар

Бір немесе бірнеше адаммен ақпарат алмасу мүмкіндігі. Сурет, бейне және басқа да файлдарды жазу, салу мүмкіндігі қарастырылған.

Телеграмдағы чаттардың артықшылықтары:

  • Бір мезгілде бірнеше адамдармен сөйлесу мүмкіндігі бар. Супер-топтарда қатысушылар саны 5 000 адамға дейін жетеді. Мысалға, бүгін чатта қыздарды 8 наурызбен құттықтап жатса, келесі күні алдыңғы аптаға жоспар құралы.
  • Жаңа қатысушылар үшін барлық чат тарихын көрсету.Хэштегтер бойынша чатта хабарларды біріктіру.
  • Шексіз бұлт қоймасы.
  • Құпия чаттарды құру. Оларда хабарламалардың таймер бойынша автоматты түрде өшу функциясы бар. Енді адамдардың барлық құпиялары сенімді сақталған. Мұндай чаттардың тарихы тек қатысушылардың құрылғыларында сақталады.

Арналар

Арналар-Телеграм ішіндегі шағын микроблогтар сияқты. Әрбір пайдаланушы өзгелермен пайдалы ақпаратпен бөлісе алады. Алайда, барлығы жақсы көретін лайктар мен пікірлер қалдыруға болмайды.

қазақша телеграм туралы

Басқаша айтқанда, арна-бұл ақпаратты шексіз пайдаланушыларға тарату функциясы бар чат. Ол кімге қажет? Өзі білетін жаңалықпен қолданушылардың миллиондаған армиясымен бөліскісі келетіндерге.

Танымал арналардың мысалдары:

Арналарды құру, жазылу мәселелері жеке мақалада қарастырылған. Сұрақтар қоюыңызға болады.

Боттар

Боттар — сіздің командаларыңыз бен автоматтандырылған операцияларды атқаратын кішкентай көмекшілер. Жүйедегі арнайы аккаунттар сұрақтарға жауап беруге және тапсырмаларды орындауға дайын.

Болашақ — бүгін. Боттар-демалыс пен жалақысыз сізге жұмыс істейтін ақылды роботтар. Олардың интеллекты жоқ екені бәріне түсінікті болар. Сондықтан, олар орындайтын тапсырмалар: табу, көшіру, жүктеу.

Пайдаланудың ең қарапайым нұсқасы — ботты таңертең сіз үшін қызықты тақырып бойынша жаңа жаңалықтарды іріктеп қоюға баптау.

Телеграмның ішінде оларды тану оңай – каналдың аты «bot» сөзімен аяқталады. Бөлек мақалада боттардың жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып беремін. 5 қызықты боттар:

Қорытынды

Телеграм мессенджері жайлы мақаланы осы жерден аяқтаймын. Тelegram.org ресми сайтынан жүктеуге кеңес беремін.

Комментарийлерде өзіңіздің қандай мессенджерлерді пайдаланатыныңыз туралы жаза кетіңіз. Барлығына тек жақсылық тілеймін. Мақаланы әлеуметтік желілердегі достарыңызбен бөліссеңіз, қуаныштымын.

Оставьте комментарий